Тіл саясатын үйлестіру жөніндегі облыстық Бөлім жөнінде
Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңды іс жүзінде жүзеге асыру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Облыс әкімі жанынан 7 адамнан, оларға заңды тұлға құқын бере отырып, Тіл саясатын үйлестіру жөніндегі облыстың бөлім /ілгеріде Бөлім/ құрылсын.
Бөлім Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңын, тілдердің қызметтері мен дамуының Мемлекеттік бағдарламасын, ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды жүргізу мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқару органы болып табылады.
2. Бөлім туралы Ереже №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Бөлімнің құрылымдық жәңе штаттық кестесі № 2 қосымшага сәйкес бекітілсін.
4. Тіл саясатын үйлестіру жөніндегі Бөлімге 9 адамнан алқа ұстауға рұқсат етілсін. Оның құрамына Бөлім бастығы, оның орынбасары, облыстық ведомстволардың өкілдері, ұлттық-мәдени орталықтар, ғалымдар, мамандар өкілдері енгізілсін.
5. Облыс әкімінің орынбасары-аппарат басшысы /А.В.Ржавский/, облыстық қаржы басқармасы /Ф. Ф.Сутулов/ екі апта мерзімінде Бөлімді көлікпен, қаржымен қамтамасыз етсін, орналастыру мәселесін шешсін.
6. Бюджеттік /Банк басқармасы/ Б.О. Қожарықымов/ тіл саясатын үйлестіру жөніндегі Бөлімге қажетті есеп-шот ашсын.
7. Облыстық телекоммуникация дирекциясы /Қ. Е.Ескендіров/ тапсырыс пен қажетті есептер айырысқаннан кейін тіл саясатын үйлестіру жөніндегі Бөлімді телефон байланысымен қамтамасыз етсін.
8. Аудандар мен қала әкімдері басқару аппаратының жалпы саны есебінен ішкі саясат бөлімдеріне тілдер жөніндегі бас маман штаттық бірлігін енгізсін.
Облыс әкімі
В.Гартман
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.