Көшені қайта атау туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі №2 қорытындысына сәйкес Қаракеткен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округінің Қаракеткен ауылындағы “Жалағаш” көшесі “Ақшонық Шәменова” есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаракеткен ауылдық округінің әкімі
Қ.Өлментай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.