Жалағаш ауданының кейбір елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
“Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Ақсу ауылының шекарасы (шегі) Ақсу ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 115 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 268 гектар болып, Аққұм ауылының шекарасы (шегі) Аққұм ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 330,5 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 454,5 гектар болып, Мәдениет ауылының шекарасы (шегі) Мәдениет ауылдық округі әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 412 гектар жерді қосу арқылы жалпы алаңы 557 гектар болып өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі
Т. Дүйсебаев
Жалағаш аудандық мәслихатының 4-сессиясының төрағасы
К.Сулейменов
Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы
М.Еспанов
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2016 жылғы “29” маусымдағы № 150
қаулысына және Жалағаш аудандық
мәслихатының 2016 жылғы "29”маусымдағы
№ 4-8 шешіміне қосымша
Жалағаш ауданы Ақсу, Аққұм, Мәдениет ауылдарының шекараларына (шегіне) қосылатын жерлердің экспликациясы
|
№
|
Жерлердің атауы
|
Жалпы көлемі (гектар)
|
оның ішінде (гектар)
|
||
|
ауыл шаруашылығы алқаптары
|
үй іргелік жерлер
|
басқа да жерлер
|
|||
|
жайылымдар
|
|||||
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
1
|
Ақсу ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
|
153
|
-
|
40
|
113
|
|
2
|
Ақсу ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
|
115
|
92,12
|
-
|
22,88
|
|
3
|
Ақсу ауылының шекарасы (шегі)
|
268
|
92,12
|
40
|
135,88
|
|
4
|
Аққұм ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
|
124
|
-
|
90
|
34
|
|
5
|
Аққұм ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
|
330,5
|
264,73
|
-
|
65,77
|
|
6
|
Аққұм ауылының шекарасы (шегі)
|
454,5
|
264,73
|
90
|
99,77
|
|
7
|
Мәдениет ауылының бекітілген шекарасы (шегі)
|
145
|
-
|
92
|
53
|
|
8
|
Мәдениет ауылының шекарасына (шегіне) қосылатын жерлердің көлемі
|
412
|
330,02
|
-
|
81,98
|
|
9
|
Мәдениет ауылының шекарасы (шегі)
|
557
|
330,02
|
92
|
134,98
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.