Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 221 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 40 - бабының 2 - тармағының 2) 4) тармақшаларына және 3 – тармағына сәйсес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Федоров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5795 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда «Федоровские новости» аудандық газетінде жарияланған) № 221 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Қ. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.