Қамысты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 маусым 2016 ж.

    Қамысты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қамысты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкiмi

    Ж. Бисимбаев

    Әкімдіктің

    2016 жылғы 15маусымдағы

    № 89 қаулысына қосымша

    Қамысты ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

    1. Әкімдіктің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 20 «Қамысты ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережесін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5413 тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» газетінде жарияланған).

    2. Әкімдіктің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 25 «Қамысты ауданы әкімдігінің Бестөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5486 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» газетінде жарияланған).

    3. Әкімдіктің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 26 «Қамысты ауданы әкімдігінің Адаевка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5485 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» газетінде жарияланған).

    4. Әкімдіктің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 27 «Қамысты ауданы әкімдігінің Свободное ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5488 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» газетінде жарияланған).

    5. Әкімдіктің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 28 «Қамысты ауданы әкімдігінің Орқаш ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5487 тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» газетінде жарияланған).

    6. Әкімдіктің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 29 «Қамысты ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 тіркелген, 2015 жылғы 1 мамырда «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» газетінде жарияланған).

    7. Әкімдіктің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 88 «Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5776 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Сатып алу ақпарат» газетінде жарияланған).

    8. Әкімдіктің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 89 «Қамысты ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5775 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Сатып алу ақпарат» газетінде жарияланған).

    9. Әкімдіктің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 91 «Қамысты ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызда «Сатып алу ақпарат» газетінде жарияланған).

    10. Әкімдіктің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 170 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квотасын белгілеу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6121 тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Қамысты жаңалықтары - Камыстинские новости» газетінде жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.