Мәслихаттың 2014 жылғы 19 маусымдағы № 207 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 наурыз 2016 ж.

    Мәслихаттың 2014 жылғы 19 маусымдағы № 207 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Шешімді Қазақстан Республикасының заңнама және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік үрдістер туралы» Заңының 8 бабына сәйкестіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабына сәйкес, Алтынсарин аудандық мәслихат ШЕШТІ:

    1. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы № 207 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4940 болып тіркелген, 2014 жылдың 28 шілде «Таза бұлақ Чистый родник» газетінде жарияланған).

    2. Алтынсарин аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қазандағы №302 «Алтынсарин аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы №207 «Аудандық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6010 болып тіркелген, 2015 жылдың 30 қарашасында «Таза бұлақ Чистый родник» газетінде жарияланған).

    3. Осы шешімі қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Кезектен тыс сессияның төрағасы, Алтынсарин аудандық мәслихат хатшысының міндеттер атқарушы

    К. Абикеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.