Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің Ұзынбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің Ұзынбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Көкпекті аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 101 ұсынысы негізінде, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Көкпекті ауданының Көкпекті селолық округінің Ұзынбұлақ ауылында ірі қара малдарының арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Ветеринария бөлімінің басшысы (Е.Толешов) Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы (Е.Сарсенбаев), Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Көкпекті аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы (Г. Абдрасулова) бірлесе отырып, тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

    3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.К. Темиржановқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Р. Сагандыков

    КЕЛІСІЛДІ:

    Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы

    министрлігі ветеринариялық бақылау

    және қадағалау Комитетінің Көкпекті

    аудандық аумақтық инспекциясының

    басшысы Е. Сарсенбаев

    « 07» 06 2016 жыл

    Қазақстан Республикасы экономика

    министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын

    қорғау комитеті Шығыс Қазақстан облысы

    тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің

    Көкпекті аудандық басқармасының басшысы

    «07» 06 2016 жыл Г. Абдрасулова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.