Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 желтоқсан 2021 ж.

    Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8, 11-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Жалағаш ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері (елді мекендер жерлерін қоспағанда) осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    4. “Жалағаш ауданы бойынша салық салу мақсатында жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 маусымдағы №31-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-6-162 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 шілдеде “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жалағаш аудандық мәслихатының 4- сессиясының төрағасы

    К.СУЛЕЙМЕНОВ

    Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы

    М.ЕСПАНОВ

    2016 жылғы “29” маусымдағы №4-6

    Жалағаш аудандық мәслихатының шешiмiне

    1-қосымша

    Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

    2016 жылғы “29” маусымдағы №4-6

    Жалағаш аудандық мәслихатының шешiмiне

    2-қосымша

    Жалағаш ауданы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері (елді мекендер жерлерін қоспағанда)

    Аймақ нөмiрi
    Түзету коэффициенттерi
    Аймаққа кіретін жер-кадастрлық нөмірі мен ауылдық округтер атауы
    І
    1,5
    (005) Ақсу ауылдық округі;
    (006) Мөрәлі Шәменов атындағы ауылдық округі;
    (007) Қаракеткен ауылдық округі;
    (011) Бұқарбай батыр ауылдық округі;
    (012) Таң ауылдық округі;
    (014) Аққұм ауылдық округі;
    (015) Еңбек ауылдық округі;
    (016) Аламесек ауылдық округі;
    (019) Мәдениет ауылдық округі;
    (020) Мырзабай ахун ауылдық округі;
    (021) Мақпалкөл ауылдық округі;
    (022) Жаңаталап ауылдық округі;
    (026) Жалағаш ауданының әкімшілік аумағының жерлері;
    ІІ
    1- учаске
    1,4
    (025) Жалағаш ауданының әкімшілік аумағының жерлері;
    ІІ
    2-учаске
    1,4
    (017) Жаңадария ауылдық округі;
    (024) Аққыр ауылдық округі;
    (027) Жалағаш ауданының әкімшілік аумағының жерлері;

    2016 жылғы “29” маусымдағы №4-6

    Жалағаш аудандық мәслихатының шешiмiне

    3-қосымша

    Жалағаш ауданы бойынша елді мекендердің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

    Аймақ нөмiрi
    Түзету коэффициенттерi
    Аймаққа кіретін жер-кадастрлық нөмірі мен елді мекендер атауы
    І
    1,5
    (005) Ақсу ауылы;
    (006) Мөрәлі Шәменов атындағы ауыл;
    (007) Қаракеткен ауылы;
    (008) Далдабай ауылы;
    (011) Бұқарбай батыр ауылы;
    (012) Таң ауылы;
    (013) Жаңақоныс елді мекені;
    (014) Аққұм ауылы;
    (015) Еңбек ауылы;
    (016) Ақарық ауылы;
    (019) Мәдениет ауылы;
    (020) Мырзабай ахун ауылы;
    (021) Мақпалкөл ауылы;
    (022) Жаңаталап ауылы;
    (023) Жалағаш ауданының әкімшілік аумағының жерлері;
    ІІ
    2-учаске
    1,4
    (017) Жаңадария ауылы;
    (024) Аққыр ауылы;

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.