2016 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдерін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    2016 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдерін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда №10190 тіркелді) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2016 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдері (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгіленсін.

    2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, аудандар және Орал қаласы әкімдері осы қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды алсын.

    3. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А. Көлгінов

    2016 жылғы «15» шілдедегі №215

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    қаулысына қосымша

    2016 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдері (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай)

    Аудандар (қала)
    Субсидиялар көлемдері,мың теңге
    1.
    Бөрлі
    13 759,6
    2.
    Зеленов
    31 213,4
    3.
    Сырым
    2 544,2
    4.
    Тасқала
    3 942,4
    5.
    Теректі
    19 604,7
    6.
    Шыңғырлау
    2 056,7
    7.
    Орал қаласы
    1 989,9
    Облыс бойынша жиыны
    75 110,9

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.