«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің «Мәмбетов және К» Коммандиттік серіктестігінде жылқы ринопневмониясын шектеу шараларын алып тастау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 шілде 2016 ж.

    «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің «Мәмбетов және К» Коммандиттік серіктестігінде жылқы ринопневмониясын шектеу шараларын алып тастау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Мамлют аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі аумағында орналасқан «Мәмбетов және К» Коммандиттік серіктестігінде жылқы ринопневмониясын шектеу шараларын алып тастау туралы» 2016 жылғы 28 маусымдағы № 11-11/148 ұсынысы негізіндеШЕШІМ қабылдаймын:

    1. Cолтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің «Мәмбетов және К» Коммандиттік серіктестігінде ринопневмония ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округінің «Мәмбетов және К» Коммандиттік серіктестігінде шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринарлық режимді белгілеу туралы» Новомихайлов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 3, (2016 жылғы 26 сәуірде № 3724 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, «Знамя труда» 2016 жылғы 29 сәуірдегі №18, «Солтүстік жұлдызы» 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 16 аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    Б. Уәлиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.