Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 тамыз 2016 ж.

    Қостанай қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қостанай қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911 «Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 маусымдағы № 1392 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-197 тіркелген, «Наш Костанай» газетінде 2012 жылы 28 тамызда жарияланған);

    Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911 «Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 18 тамыздағы № 12063 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5093 тіркелген, «Наш Костанай» газетінде 2014 жылы 23 қыркүйекте жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

    Әкім

    Б. Жақыпов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.