Зеренді ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қаңтар 2020 ж.

    Зеренді ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

    «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Зеренді ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.

    2. Осы Зеренді ауданы әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Зеренді ауданының әкімі

    А. Мұратұлы

    Зеренді ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 01 шілдедегі № А-5/326

    Қаулысына қосымша

    Зеренді ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

    1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.

    2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.

    3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер.

    4. Банк қызметтеріне төлем жасау, салықтар және бюджетке несиелері төленетін өзге міндетті төлемдер.

    5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.

    6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.

    7. Мақсатты трансферттер және жоғары тұрған бюджет есебінен қалыптасқан шығындар.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.