Саркөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 16 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 ақпан 2016 ж.

    Саркөл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 16 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 - бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес және Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 14-01/28 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Саркөл ауылдық округінің Құмсай ауылы аумағында ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты қойылған шектеуді ауру ошағының жойылып, сауықтыру іс-шараларының толық орындалуына байланысты шектеу алынып тасталсын.

    2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күші жойылды деп танылсын.

    Саркөл ауылдық округінің әкімі

    К.У. Шалманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.