Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының және осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысандарын бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­ры­ның және осы жос­пар­дың орын­да­луы ту­ра­лы есеп ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 99-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) осы бұйрықтың 1-қосымшасы на сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны;

    2) осы бұйрықтың 2-қосымшасы на сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп нысаны бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, Қазақстан Республикасы эталон бақылау нормативтік құқықтық актілер банкіне енгізу үшін;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    Қ.Бозымбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Статистика комитеті төрағасы

    Н. Айдапкелов _______________

    2016 жылғы «____» __________

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 17 маусымдағы № 252

    бұйрығына 1-қосымша

    Нысан

    Келісілді:
    Басшы (мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасы)
    ____________________________
    (Аты, тегі, әкесінің аты (болған кезде))
    _____________________________
    (қолы)
    «___»_____________20___ жыл
    Мөр орны (болған кезде)
    Басшы
    (Жеке және заңды тұлғалардың
    уәкілетті тұлғасы)
    ______________________________
    (Аты, тегі, әкесінің аты (болған кезде))
    _____________________________________
    (қолы)
    «___»_____________20 ___ жыл
    Мөр орны (болған кезде)
    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
    Іс-шаралар атауы
    Жоспарланған жұмыстар көлемі
    Жалпы құны (мың тенге)
    Қаржыландыру көзі
    Орындалу мерзімі
    Қаржыландыру жоспары (мың.тенге)
    Іс шарадан күтілетін экологиялық нәт
    иже*
    басы
    соңы
    20__ жыл
    20__ жыл
    20__ жыл
    1. Ауа алқабын қорғау
    1
    2
    Барлығы
    2. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану
    1
    2
    Барлығы
    3. Жағалау маңына және су экожүйесіне ықпал етуден қорғау
    1
    2
    Барлығы
    4. Жер ресурстарын қорғау
    1
    2
    Барлығы
    5. Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану
    1
    2
    Барлығы
    6. Флораны және фаунаны қорғау
    1
    2
    Барлығы
    7. Өндіріс және тұтыныс қалдықтарымен жұмыс істеу
    1
    2
    Барлығы
    8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік
    1
    2
    Барлығы
    9. Басқару жүйелерін және ең жақсы қауіпсіз технологияларды енгізу
    1
    2
    Барлығы
    10. Ғылыми-зерттеулік, ізденушілік және өзге әзірлемелер
    1
    2
    Барлығы
    11. Экологиялық ағарту және насихат
    1
    2
    Барлығы
    Барлығы:
    * Іс-шараларды орындау есебінен эмиссия көлемі төмендеген жағдайда эмиссияның төмендеген көлемінің мөлшерін көрсету қажет (жыл/тонна).
    Ескертпе: 1. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың (бұдан әрі – I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсат) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі – Жоспар), Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізіміне (нормативті құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8559 тіркелінген) (бұдан әрі – Үлгілі тізім) сәйкес қоршаған ортаға эмиссия нормативтері қол жеткізуді қамтамасыз ететін және рұқсат беретін органмен келісілетін Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасымен белгіленген, экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар көрсетіледі.
    2. Нысан келесідей түрде толтырылады:
    I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 2 бағанында Үлгілі тізімнің тармақшаларына сәйкес келетін қоршаған ортаны қорғау бойынша нақтылы іс-шаралар көрсетіледі. Жоспарланатын іс-шаралардың қоршаған ортаға әсері бойынша бөлімдерге байланысты толтырылады. Технологиялық схемаларлардың элементтері болып табылатын өндірістік процестерге тікелей жататын және өнім алудағы қажет ететін іс-шаралар көрсетілмейді;
    I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 3 бағанында жұмыстар мен қызметтердің жоспарланатын және орындалатын іс-шараларына байланысты сандық көрсеткіш (көлем, масса, бірлік, дана, километр және тағыда басқа) толтырылады.
    I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 4 бағанында барлық жобалық кезең үшін жоспарланатын іс-шаралардың жалпы сомасы (объект, қондырғы, жабдықтардың немесе жоспарланатын және жасалған жұмыстар соммасын қосқанда) көрсетіледі.
    I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың жоспарының 5 бағанында қаржыландыру көздері (қолданылатын қысқартылған сөздер: ж/қ – жеке қаражаттар, н/қ - несиелік қаражаттар, ш/и - шетелдік иенвестициялар, б/қ – бюджеттік қаражаттар) көрсетіледі.
    I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 6, 7 бағандарында іс-шара өткізудің басталуынан аяқталуына дейінгі кезеңнің ұзақтығы (өткізудің айы, жылы).
    I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 8,9,10 бағандарында табиғат пайдалану шараларының жалғасуын есептемегенде жоспарланатын жылдар бойынша бөлу сомасы көрсетіледі.
    I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 11 бағанында қол жеткізілген көрсеткіштердің және негізгі ластаушы заттар бойынша мүмкін болатын төмендетуді болжаудан болатын жалпы көрсеткіштердің және келесідей мәліметтің болуы кезінде толтырылады: - күтілетін экологиялық нәтиже - қоршаған ортаға эмиссияны төмендету көрсеткіші.

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 17 маусымдағы

    № 252 бұйрығына

    2-қосымша

    Нысан

    Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп

    Есепті кезең 20__жыл

    Көрсеткіш: есеп №1ШЖ

    Кезеңділігі: тоқсан бойынша

    Ұсынатын тұлғалар тобы: I, II, III санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар

    Қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

    Тапсыру мерзімі:есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

    Рұқсат беру құжатының нөмірі және берілген күн және оның қолданылу кезеңі:

    Іс-ша­ра­лар ата­уы
    Жос­пар­лан­ған жұ­мыстар кө­ле­мі
    Бе­кі­ті­л­ген жос­пар­ға сәй­кес іс-ша­ра­лар­ды орын­дау ке­зе­ңі
    Жос­пар­лан­ға­ны (мың тең­ге)
    Қа­ра­жат­ты иге­ру % **
    Иге­рі­л­ген­жұ­мыс
    %
    Іс-ша­ра­лар­дың эко­ло­ги­я­лық әсе­рі*
    Ес­керт­пе (орын­дал­мау се­беп
    те­рі)
    1. Ауа ал­қа­бын қор­ғау
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    2. Су ре­сур­ста­рын қор­ғау және ұтым­ды пай­да­ла­ну
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    3. Жа­ға­лау ма­ңы­на және су эко­жүй­е­сіне ық­пал ету­ден қор­ғау
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    4. Жер ре­сур­ста­рын қор­ғау
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    5. Жер қой­на­уын қор­ғау және ұтым­ды пай­да­ла­ну
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    6. Фло­ра­ны және фа­у­на­ны қор­ғау
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    7. Өн­ді­ріс және тұ­ты­ныс қал­дық­та­ры­мен жұ­мыс іс­теу
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    8. Ра­ди­а­ци­я­лық, био­ло­ги­я­лық және хи­ми­я­лық қа­уіп­сіз­дік
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    9. Бас­қа­ру жүй­е­ле­рін және ең жақ­сы қа­уіп­сіз тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­гі­зу
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    10. Ғы­лы­ми-зерт­те­улік, із­де­ну­ші­лік және өзге әзір­ле­ме­лер
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    11. Эко­ло­ги­я­лық ағар­ту және на­си­хат
    1
    Бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
    БАР­ЛЫ­ҒЫ

    * Іс-шараларды орындау есебінен эмиссия көлемі төмендеген жағдайда эмиссияның төмендеген көлемінің мөлшерін көрсету қажет (тонна/жыл). **Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде жұмсалған қаражаттың үнемделу себебін түсіндіру қажет Ескертпе: Толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында көрсетілген.

    Атауы ____________________________Мекен жайы _____________________

    ____________________________________Телефон_______________________

    ___________________________Электрондық мекен жайы_________________

    Орындаушының тегі____________________Телефон______________________

    Басшы_____________________________________________ _______________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) ( қолы)

    Бас бухгалтер__________________________________________ __________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)

    Мөр орны (болған кезде)

    Қоршаған ортаны қорғау

    жөніндегі іс-шаралар жоспарын

    орындау туралы есебіне

    қосымша

    «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп» толтыру бойынша түсініктеме

    1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 99- бабының 2- тармағына сәйкес әзірленді.

    2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп (бұдан әрі - Есеп), есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін I санаттағы объектілер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және II, III санаттағы объектілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

    3. Нысан келесідей түрде толтырылады:

    есептің 2 бағанында қоршаған ортаға эмиссияларға I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсат алу кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспардың (бұдан әрі - Жоспар) нақтылы іс-шаралары көрсетіледі.

    есептің 3 бағанында жұмыстар мен қызметтердің жоспарланатын және орындалатын іс-шараларына байланысты сандық көрсеткіш (көлем, масса, бірлік, дана, километр және тағыда басқа) көрсетіледі.

    есептің 4 бағанында жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалу кезеңі көрсетіледі.

    есептің 5 бағанында күнтізбелік жыл кезеңі үшін жоспарланатын іс-шаралардың жалпы сомасы көрсетіледі.

    есептің 6 бағанында жалпы игерілген сомманың күнтізбелік жыл кезеңіндегі іс-шаралардың жалпы соммасына пайыздық қатынасы көрсетіледі.

    есептің 7 бағанында күнтізбелік жыл кезеңіне бекітілген іс-шаралардың жұмыс көлеміне қатынасы бойынша пайызы есептеледі.

    есептің 8 бағанында қоршаған ортаға эмиссияның төмендеуі бойынша көрсеткіштер және іс-шаралар есебінен орындалатын қол жеткізілген көрсеткіштері көрсетіледі.

    есептің 9 бағанында іс-шаралар орындалмаған жағдайда қажетті түсініктемелер және орындалмау себептері көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.