Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2016 жылғы 6 мамырдағы № 14-01/97 ұсынысы негізінде, Темір қаласы әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Темір қаласы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Темір қаласы әкімінің міндетін атқарушысы

    Р. Абдрахманова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.