Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекiту туралы

    Күші жойылғанОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекiту туралы

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Осы бірлескен бұйрыққа қоса беріліп отырған деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бiрлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 тамыздағы № 11770 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi:

    1) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін және осы бірлескен бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін оның төлнұсқасына толық сәйкес келетін графикалық форматтағы көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

    3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.

    5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика министрi

    Қ. Бишімбаев

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі

    А. Мұхамедиұлы

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының Құқықтық

    статистика және арнайы есепке алу

    жөніндегі комитетінің төрағасы

    ____________________С. Айтпаева

    2016 жылғы «____»___________

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және спорт министрінің

    2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2016 жылғы 1 шілдедегі № 308

    бірлескен бұйрығына

    қосымша

    Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағы (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 108) тармақшасына сәйкес)

    ____________________________________________________________________________ қатысты (тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы) Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ___________________________________________ ____________________________________________________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт ____________________________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ________________________________________ ____________________________________________________________________________________ Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН___________________________________ ____________________________________________________________________________________ Орналасу орны _____________________________________________________________________

    Талаптар тізбесі
    Талап етіледі
    Талап етілмейді
    Талаптарға сәйкес келеді
    Талаптарға сәйкес келмейді
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    меншiк нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандарының мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы
    2
    бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттардың мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де) жазылуы
    3
    көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де)

    Лауазымдық тұлға (тұлғалар) _____________________ ____________ (лауазымы) (қолы) ____________________________________________________________________________________ (тегі, аты,, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Тексерілетін субъектінің жетекшісі _________________________________________________________ _____________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.