Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 ақпан 2017 ж.

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір данада оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді;

    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

    4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

    Т. Дүйсенова

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау және

    әлеуметтік даму министрінің

    2016 жылғы 20 шілдедегі

    № 639 бұйрығына қосымша

    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    р/с
    Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    Бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны
    Ма­ман­дық­тар­дың ата­уы
    Ма­ман­дық бой­ын­ша бө­лін­ген орын­дар­дың са­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Рес­пуб­ли­ка­лық жо­ға­ры ме­ди­ци­на кол­ле­джі
    780, оның ішін­де 399 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    Ем­деу ісі
    26 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    Мей­ір­гер ісі
    404, оның ішін­де 25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар 198, со­ның ішін­де жа­ңа­дан қа­был­дау: 75, оның ішін­де қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны –25, «Мас­са­жист» бі­лік­ті­лі­гі­мен бі­лім алушы­лар са­ны – 16
    «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат
    49 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар, со­ның ішін­де жа­ңа­дан қа­был­дау: 25
    Ор­то­пе­ди­я­лық сто­ма­то­ло­гия
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар – 25, оның ішін­де жа­ңа­дан қа­был­дау – 25
    Зерт­ха­на­лық ди­а­гно­сти­ка
    201, оның ішін­де 125 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар, оның ішін­де жа­ңа қа­был­дау: 25
    Фар­ма­ция
    50 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар, оның ішін­де жа­ңа қа­был­дау: 25
    Ги­ги­е­на және эпи­де­мио­ло­гия
    қа­зақ ті­лін­де 25 бі­лім алушы, оның ішін­де 25
    2.
    Оң­тү­стік Қа­зақ­стан мем­ле­кет­тік фар­ма­цев­ти­ка ака­де­ми­я­сы
    150 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    Ем­деу ісі
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 75
    Фар­ма­ция
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 50
    Мей­ір­гер ісі
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 25
    3.
    Аста­на қа­ла­сы­ның жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі
    25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 25
    4.
    Көк­ше­тау жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі
    25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 25
    5.
    Қы­зы­лор­да жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі
    25 қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 25
    6.
    Пав­ло­дар жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі
    25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 25
    7.
    Ба­тыс Қа­зақ­стан жо­ға­ры ме­ди­ци­на­лық кол­ле­джі
    25 орыс ті­лін­де бі­лім алушы­лар
    «Мей­ір­гер ісі» ма­манды­ғы бой­ын­ша қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат
    қа­зақ ті­лін­де бі­лім алушы­лар са­ны 25

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.