Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    Қ. Бозымбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    ______________ А. Мырзахметов

    2016 жылғы «___»__________

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Инвестициялар және даму министрі

    ______________ Ж. Қасымбек

    2016 жылғы «___»__________

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Iшкi iстер министрі

    ______________ Қ. Қасымов

    2016 жылғы «___»__________

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 21 маусымдағы

    № 262 бұйрығымен

    бекітілген

    Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі

    1. Finasol OSR 51, Франция

    түсі: қалампыр түсті, қара;

    қату температурасы, оС: <-37;

    тұтану температурасы, оС: 65;

    тығыздығы, г/см3: 0,87-0,89;

    ерігіштігі: суда ериді;

    биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: OECD 301F 69% әдісі кезінде 28 күнде жеңіл биодеградациялану.

    2. Inipol IPF, Франция

    түсі: ашық-сары;

    қату температурасы, оС: < -30;

    тұтану температурасы, оС: 78;

    тығыздығы, г/см3: 0,91-0,94 (20оС);

    ерігіштігі: көмірсутектер.

    3. Corexit EC9500A, АҚШ

    түсі: янтарлы;

    қату температурасы, оС: <- 57;

    тұтану температурасы, оС: 83;

    тығыздығы, г/см3: 0,95;

    ерігіштігі: сумен араластырады, рН 6,2

    биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биоаккумуляцияға қабілеттілігі күтілмеген.

    4. Inipol IP-90, Франция;

    түсі: ашық-сары;

    қату температурасы, оС: <-10;

    тұтану температурасы, оС: 64;

    тығыздығы, г/см3: 0,95;

    ерігіштігі: су.

    5. Dasic Freshwater Dispersant, Ұлыбритания.

    түсі: қоңыр;

    қату температурасы, оС: <-10;

    тұтану температурасы, оС: 72;

    тығыздығы, г/см3: 0,9 (20оС);

    ерігіштігі: суда ериді;

    биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биодеградациялануға жатады, биожинақталуы төмен.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.