Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 маусым 2017 ж.

    Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін бекіту туралы

    «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің міндетін атқарушы

    М. Мырзағалиев

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрі

    _____________ Б. Сұлтанов

    2016 жылғы «___» __________

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің міндетін атқарушының

    2016 жылғы 25 маусымдағы

    № 273 бұйрығымен

    бекітілген

    Қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі

    Ата­уы
    ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды
    Фи­зи­ка­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­те­рі2
    Нор­ма­ла­ры1
    1
    Ті­ке­лей ай­дау наф­та­сы мен оған ұқсастар
    2710 12 110 9
    2710 12 150 9
    1) Тығ­ы­зды­ғы 20оС ке­зін­де
    2) Фрак­ци­я­лық құ­ра­мы:
    -қай­на­удың ба­ста­луы
    -қай­на­удың аяқ­та­луы
    3) Кү­кірт­тің құ­ра­мы
    4) Нақ­ты шай­ыр құ­ра­мы
    5) Йод са­ны
    6) Қор­ға­сын құ­ра­мы
    7) Азот құ­ра­мы
    8) Қыш­қыл­ды­ғы
    9) Ме­ха­ни­ка­лық қо­с­па мен су­дың құ­ра­мы
    10) Ери­тін қыш­қыл­дар мен сі­л­ті­лер­дің құ­ра­мы
    11) Тү­сі
    0,690 г/см3 тө­мен емес
    Нор­ма­лан­бай­ды
    205оС жо­ға­ры емес
    0,1 % масс. ас­пай­тын
    2,0 мг/100 см3 ас­пай­тын
    1,0 г /100 г ас­пай­тын
    Жоқ
    2,0 салм. ррм ас­пай­тын
    1,0 мг ас­пай­тын КОН 100см3
    жоқ
    жоқ
    мөл­дір, түс­сіз
    2
    Ке­ро­син-га­зойл­дік фрак­ция және оған ұқсастар
    2710 19 110 0
    2710 19 150 0
    2710 19 350 0
    1) Тығ­ы­зды­ғы 20оС ке­зін­де
    2) Фрак­ци­я­лық құ­ра­мы:
    50 % тем­пе­ра­ту­ра ке­зін­де ай­да­ла­ды
    95 % тем­пе­ра­ту­ра ке­зін­де ай­да­ла­ды
    3) Кү­кірт­тің құ­ра­мы
    4) Қа­ту тем­пе­ра­ту­ра­сы
    5) Ме­ха­ни­ка­лық қо­с­па мен су­дың құ­ра­мы
    6) Ери­тін қыш­қыл­дар мен сі­л­ті­лер­дің құ­ра­мы
    7) Қыш­қыл­ды­ғы
    0,860 г/см3 ас­пай­тын
    280оС жо­ға­ры емес
    360оС жо­ға­ры емес
    0,2 % масс. ас­пай­тын
    ми­нус 10оС жо­ға­ры емес
    жоқ
    жоқ
    5,0 мг КОН/100 см3 ас­пай­тын
    3
    Ті­ке­лей ай­дау ма­зу­ты
    2710 19 510 1
    2710 19 550 1
    2710 19 620 1
    1) Фрак­ци­я­лық құ­ра­мы:
    360оС –дей­ін шы­ғу
    2) Күл­ді­лі­гі
    3) Ашық тигл­де­гі жар­қыл тем­пе­ра­ту­ра­сы
    4) Кү­кірт­тің құ­ра­мы
    5) Су­дың құ­ра­мы
    6) 360оС дей­ін фрак­ци­я­ның бром­ды са­ны
    8% ас­пай­тын
    0,05% ас­пай­тын
    110оС тө­мен емес
    1,0 % масс. ас­пай­тын
    0,15 % масс. ас­пай­тын
    5,0 г /100 г ас­пай­тын
    4
    Пай­да­ла­ны­л­ған мұ­най өнім­де­рі­нің қо­спа­сы (ПМҚ)3
    2710 91 000 0
    2710 99 000 0
    1) Ме­ха­ни­ка­лық қо­с­па­ның мас­са­лық үле­сі
    2) Су­дың мас­са­лық үле­сі
    1,0 % ас­пай­тын
    2,0 % ас­пай­тын
    Ескертпе:
    1. ЦНТ – ЦНТ маркалы колориметрде түсті өлшеу бірлігі;
    2. ВУБ – ВУБ маркалы шартты тұтқырлығын анықтау аппараты;
    3. Өңдеу өнімдеріне физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша нормалар Қазақстан Республикасы мұнай өңдеу зауыттарында (ҚР МӨЗ) кіріс бақылауын жүргізу үшін белгіленген;
    4. ҚР МӨЗ-дермен уағдаласа отырып, қосымша физикалық-химиялық көрсеткіштері бойынша нормаларды белгілеуге жол беріледі;
    5. Тізбенің 1-3 тармақтарында көрсетілген өңдеу өнімдерінде екінші рет өңделген өнімдердің болуына жол берілмейді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.