Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы

    2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлу, өзгерту және өтеу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

    4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

    Қ. Бозымбаев

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    2016 жылғы 28 маусымда

    № 292 бұйрығымен

    бекітілген

    Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

    1) базалық шек – белгіленген кезең ішінде шығарылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі;

    2) жаңа қондырғылар – Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағына сәйкес келетін және тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) қолданылуы кезеңінде пайдаланылуға енгізілген қондырғылар;

    3) қондырғының қуатын ұлғайту – өнімді шығару, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдаудың жылдық көлемін ұлғайту;

    4) қондырғы операторының шотын бұғаттау – Кодекстің 94-2-бабының 3-тармағында көрсетілген талап етілетін құжаттарды бергенге дейін қондырғы операторының шотына салынған көміртегі бірліктерін пайдалануды уақытша тоқтатуы;

    5) парниктік газдар шығарындыларына квота – Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде қондырғы операторы үшін белгіленген реттелетін парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі;

    6) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті –парниктік газдар шығарындыларының өнім бірлігіне арақатынасының көрсеткіші.

     3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

    2-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру тәртібі

    4. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу үшін қондырғы операторы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 147-ө бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7702 болып тіркелген) Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде шот ашады.

    5. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізіліміндегі қондырғы операторының (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) шотына Ұлттық жоспарда көрсетілген көлемдерге сәйкес, Кодекстің 94-2-бабының 2-тармағына сәйкес оның күшіне енген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде аударылады.

    6. Қондырғы операторы Ұлттық жоспардың алғашқы қолданылу жылының бірінші сәуіріне дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын және қондырғының верификацияланған паспортын ұсынады.

    7. Қондырғы операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын Мемлекеттік тізілім операторына оларды бермегенге дейін қондырғы операторының шотын бұғаттау туралы хабарлайды.

    8. Парниктік газдар шығарындыларының мониторингі жоспары Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес бекітілетін Парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанына сәйкес әзірленеді және валидациялауға жатады.

    9. Қондырғы паспорты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген) бекітілген Қондырғы паспортының нысанына сәйкес әзірленеді және верификациялауға жатады.

    10. Уәкілетті орган қондырғы операторынан осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін қарастырады.

    11. Берілген құжаттардың толық еместігі және (немесе) сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді және Мемлекеттік тізілім операторына пысықталған құжаттар берілмегенге дейін қондырғы операторының шотын бұғаттау туралы хабарлама береді.

    12. Қондырғы операторы Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде оған енгізілген қондырғы бойынша осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды оны Ұлттық жоспарға енгізгеннен кейін үш айдың ішінде ұсынады.

    13. Жаңа қондырғы бойынша квоталар беру жаңа қондырғы іске қосылған Ұлттық жоспардың есептік жылға арналған квоталар көлемінің резервінен жүзеге асырылады. Келесі есептік жылдан бастап жаңа қондырғы операторы Кодекстің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілетін Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Ұлттық жоспарға енгізілуге жатады.

    13-1. Жаңа қондырғы үшін квоталарды беру парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде жүзеге асырылады.

    Кондырғы операторы жаңа қондырғы үшін сұратылатын квоталар көлемін Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлеміне Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15396 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентін көбейту арқылы есептейді.

    Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының деректерімен және өндірістік құжаттамасымен расталады.

    Тізбеде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде, қондырғы операторы жаңа қондырғы үшін сұратылатын квоталар көлемін Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерінде көрсетілген формулаларды қолдану арқылы есептейді.

    14. Жаңа қондырғыға квоталар бірліктерін алу үшін қондырғы операторы уәкілетті органға тиісті қондырғыны іске қосқанға дейін бір айдан кешіктірмей мынадай құжаттарды:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа қондырғы/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш;

    2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын;

    3) қондырғының верификацияланған паспортын;

    4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

    5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

    15. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді.

    16. Қондырғы операторы пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

    17. Жаңа қондырғылар бойынша Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар көлемін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына жаңа қондырғы операторын, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және қондырғы операторына Мемлекеттік тізілімде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті хабарламаларды үш жұмыс күні ішінде жібереді.

    Мемлекеттік тізілім операторы жаңа қондырғы бойынша квотаны қондырғы операторы тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.

    18. Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғысы (бұдан әрі – әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі) үшін квоталар беру Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен жүзеге асырылады. Келесі есептік жылдан бастап әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі Кодекстің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Ұлттық жоспарға енгізілуге жатады.

    18-1. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне квоталарды беру парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде жүзеге асырылады.

    Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі сұратылатын квоталар көлемін Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлеміне тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентін көбейту арқылы есептейді.

    Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының деректерімен және өндірістік құжаттамасымен расталады.

    Тізбеде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде, әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі сұратылатын квота көлемін Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерінде көрсетілген формулаларды қолдану арқылы есептейді.

    19. Квоталар бірліктерін алу үшін әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі уәкілетті органға шығарындылары жылына көміртегі қостотығының жиырма мың тоннасына тең келетін мөлшерден асатын тиісті қондырғыға сәйкес парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификациялық есепті бергеннен кейін үш айдың ішінде мынадай құжаттарды:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа қондырғы/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш;

    2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспарын;

    3) қондырғының верификацияланған паспортын;

    4) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

    5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (филиал, өкілдік) заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

    20. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен осы Қағидалармен орнатылған талаптарға сәйкестігін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және сәйкес еместігі анықталған жағдайда, оларды пысықтауға жібереді.

    21. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

    22. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бірліктерін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына әкімшілендірудің квоталанатын субъектісін, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне Мемлекеттік тізілімінде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті хабарламаларды үш жұмыс күні ішінде жібереді.

    Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне квотаны Мемлекеттік тізілім операторы тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.

    3-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту тәртібі

    23. Квоталарды өзгерту парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін беру арқылы жүзеге асырылады.

    24. Қондырғы операторы Ұлттық жоспарда квоталар көлемі болмаған немесе жетпеген кезде парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін алу үшін мынадай жағдайларда:

    Ұлттық жоспарды әзірлеу жылынан бастап және оның қолданылу кезеңінде базалық шекті қолдану негізінде квоталанатын қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзі енгізілген;

    Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде квоталанатын қондырғының қуатын ұлғайтқан жағдайларда уәкілетті органға жүгінеді.

    25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларда, қондырғы операторы уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан кешіктірмей, мынадай құжаттарды тапсырады:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш;

    2) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

    3) валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

    4) Ұлттық жоспарды әзірлеу жылының басынан және оның қолданысқа енгізілу кезеңінен бастап көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көз енгізілген жағдайда);

    5) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемін негіздейтін есептеулер (қуаты ұлғайған жағдайда).

    Парниктік газдар шығарындыларына квоталардың қосымша көлемі квоталардың негізгі көлемі жеткіліксіз болған жағдайда, қолданыстағы Ұлттық жоспар кезеңінде парниктік газдарды түгендеу туралы расталған есептер негізінде беріледі.

    Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңі үшін парниктік газдар шығарындыларына қосымша көлемге өтініш берген жағдайда, қондырғы операторы осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға келесі есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 шілдеден кешіктірмей береді.

    25-1. Жаңа стационарлық көзді енгізген кезде, қосымша квота көлемі өткен есептік жылдағы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепке сәйкес осы көздегі парниктік газдар шығарындыларына тең көлемде беріледі.

    Қондырғының қуаты ұлғайған кезде, қондырғы операторы сұратылатын парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін мына формула бойынша есептейді:

    М = (Х - У)×Z,

    мұндағы:

    М – парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемі;

    Х – өткен есептік жылдағы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепте көрстілген расталған өндіріс көлемі;

    У – 2013-2015 жылдардағы өндіріс көлемінің орташа мәні;

    Z – тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті.

    25-2. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота беруге арналған резервтегі квота бірліктеріне өтініш беру мерзімі тиісті Ұлттық жоспардың соңғы есептік жылы бойынша есептілікті ұсынудың соңғы күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    26. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәтінен бастап он бес күнтізбелік күні ішінде қондырғы операторы ұсынған құжаттарды қарайды.

    Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган қондырғы операторына және Мемлекеттік тізілім операторына қондырғы операторын және қосымша квоталар көлемін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде тиісті хабарламалар жібереді.

    27. Қосымша квоталар көлемін Мемлекеттік тізілімнің операторы қондырғы операторының шотына уәкілетті органнан жазбаша хабарлама алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.

    28. Парниктік газдар шығарындыларына қатысты қайта қаралған квоталар көлемі туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

    29. Берілген құжаттар толық болмаған және сәйкес келмеген жағдайларда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды пысықтауға жібереді.

    30. Қондырғы операторы пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

    31. Қондырғы операторы, оның атауы немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны ауысқан жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушінің өтініш берген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілімнің операторына мынадай расталатын құжаттар негізінде тиісті өзгерістер енгізілгені туралы хабарлама береді:

    1) қондырғыны сатып алу-сату шарты немесе қабылдау-тапсыру актісі – қондырғы операторы ауысқан жағдайда (иеліктен айыру);

    2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді мемлекеттік тізілім операторы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиал, өкілдік) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

    32. Мемлекеттік тізілімнің операторы бес жұмыс күні ішінде тиісті өзгерістерді енгізеді.

    Парниктік газдар шығарындылары бойынша міндеттемелер Кодекстің 94-4-бабының 2-тармағына сәйкес жаңа қондырғы операторына беріледі.

    33. Қондырғы операторы ауысқанда Ұлттық жоспармен белгіленген квоталар көлемі өзгерген жағдайда, қондырғы операторы осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға береді.

    34. Қондырғы операторы таратылған жағдайда, уәкілетті органды жұмыс істеген мерзім ішінде парниктік газдарды түгендеу туралы есеппен қоса, өзінің қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

    34-1. Таратылған қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган квоталардың пайдаланылмаған көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан ұлттық жоспар резервінің шотына ауыстыру туралы шешім қабылдайды.

    35. Уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 34, 34-1-тармақтарында көрсетілген жағдайларда Мемлекеттік тізілім операторын парниктік газдар шығарындыларына пайдаланылмаған квоталар көлемін қондырғының таратылған операторының шотынан Ұлттық жоспардың квоталар көлемі резервінің шотына ауыстыру туралы хабардар етеді.

    35-1. Өткен есепті жылдардағы парниктік газдарды түгендеу туралы есепте расталған парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде квоталанған қондырғының қуаты төмендеген жағдайда уәкілетті орган тиісті Ұлттық жоспар кезеңінің қолданылу қорытындылары бойынша Кодекстің 94-2-бабының 5-тармағына сәйкес бір оператордың қондырғылары арасында дербес бөлінген квоталар көлемін қоспағанда, тиісті квоталар көлемін Ұлттық жоспар резервіне алады.

    Уәкілетті орган қондырғы операторын қондырғы қуатының төмендеуі нәтижесінде пайда болған алу туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде квоталар көлемінің алынғаны туралы хабардар етеді.

    Уәкілетті орган квоталар көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан Ұлттық жоспар резервінің шотына квоталар көлемін аудару қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді.

    4-тарау. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу тәртібі

    36. Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеу Мемлекеттік тізілімінде есептік жылдағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы верификациялық есепке (бұдан әрі - есеп) сәйкес Ұлттық жоспардағы көміртегі бірліктерін жыл сайынғы айналымнан алып тастау (есептен шығару) арқылы жүзеге асырылады.

    37. Уәкілетті орган есеп тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік тізілім операторына есептік жылдағы өтеу үшін квоталар көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квоталар бірліктерін беру қажеттілігі туралы хабарлама жолдайды.

    38. Сатып алуға жоспарланған ретінде оларды өтеуге беру мақсатында ұсынылған есепте көрсетілген, Ұлттық жоспармен белгіленген көлемнен квоталардың жетпеген көлемін тікелей сату-сатып алу жолымен мәміле жасалған жағдайда, қондырғы операторы квоталар бірліктерін мынадай тәртіппен өтейді:

    1) қондырғылар операторлары (сатушы және сатып алушы) уәкілетті органға мәміле жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қондырғылар операторлары (сатушы және сатып алушы), сатылған/сатып алынған квоталар бірліктерінің көлемі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 151-ө бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7711 болып тіркелген) бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау қағидаларына сәйкес (бұдан әрі - Сауда жасау қағидалары) бағасы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді ұсынады;

    2) уәкілетті орган Сауда жасау қағидаларына сәйкес Мемлекеттік тізілімдегі қондырғылар операторлары шоттарының (сатушы және сатып алушы шоты) арасындағы тиісті квоталар бірліктерінің көлемін беру үшін квоталар көлемін көрсете отырып, беру қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді;

    3) қондырғы операторы (сатып алушы) оның шотына сатып алынған квоталар салынғаннан кейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді;

    4) уәкілетті орган қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына Мемлекеттік тізілімдегі квоталар көлемін көрсете отырып, тиісті квоталар көлемін беру қажеттілігі туралы Мемлекеттік тізілім операторын хабардар етеді.

    39. Сатып алуға жоспарланған ретінде оларды өтеуге беру мақсатында ұсынылған есепте көрсетілген, Ұлттық жоспармен белгіленген көлемнен квоталардың жетпеген көлемінің көміртегі бірліктерін сату-сатып алу бойынша тауар биржасында мәмілелер жасалған жағдайда, қондырғы операторы квоталар бірліктерін мынадай тәртіппен өтейді:

    1) қондырғы операторы Мемлекеттік тізілім операторына көміртегі бірліктерін сату-сатып алу жүргізу қорытындылары бойынша биржалық мәмілені есепке алу парағын ұсынады;

    2) қондырғы операторы (сатып алушы) оның шотына сатып алынған квоталар салынғаннан кейін Мемлекеттік тізілім операторына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді;

    3) Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына тиісті квоталар бірліктерінің көлемін беруді жүргізеді.

    40. Ішкі азайту бірліктерін алған жағдайда, қондырғы операторы Мемлекеттік тізілім операторына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді.

    Мемлекеттік тізілім операторы қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына тиісті ішкі азайту бірліктерінің көлемін беруді жүргізеді.

    41. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін алған жағдайда, оларды өтеуге беру мақсатында қондырғы операторы бірліктерді мынадай тәртіппен өтейді:

    1) қондырғы операторы оның шотына қосымша квота көлемі аударылғаннан кейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді;

    2) уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына Мемлекеттік тізілімдегі квота көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квота бірліктерінің қосымша көлемін беру қажеттілігі туралы хабарлайды;

    3) Мемлекеттік тізілім операторы үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квота бірліктерінің қосымша көлемін аударады.

    Парниктік газдар

    шығарындыларына квоталарды

    беру, өзгерту және өтеу

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Жаңа қондырғы бойынша/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш

    1. Қон­дыр­ғы опе­ра­то­ры­ның /кво­та­ла­на­тын әкім­ші­лен­ді­ру субъ­ек­ті­сі­нің ата­уы
    2. Жал­пы мә­лі­мет­тер:
    2.1. Заң­ды ме­кен­жай­ы
    2.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) неме­се биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
    2.3. Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, факс, элек­трон­ды по­шта
    3. Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (код және ата­уы) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын кво­та­лау жө­нін­де­гі та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін қон­дыр­ғы жа­та­тын эко­но­ми­ка сек­то­ры
    4. Ұлт­тық жос­пар­дың қол­да­ну ке­зе­ңін­де кво­та­лар кө­ле­мі ре­зер­ві­нен пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын кво­та­лар кө­ле­мі
    Со­ның ішін­де есеп­тік жыл­да пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын кво­та­лар кө­ле­мі
    5. Ұлт­тық жос­пар қол­да­ны­лу ке­зе­ңі
    20__ жы­л­ғы " " ___ ба­ста­п20__ жы­л­ғы " " _____ дей­ін
    Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын кво­та­лар кө­ле­мі­нің есеп­тік жы­лы
    6. Өті­нім­ге мы­на­дай құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді:
    1) қон­дыр­ғы­ның ве­ри­фи­ка­ци­я­лан­ған пас­пор­ты (түп­нұс­қа);
    2) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның ва­ли­да­ци­я­лан­ған мо­ни­то­ринг жос­па­ры (түп­нұс­қа);

    Басшы ____________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы) мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

    Парниктік газдар

    шығарындыларына квоталарды

    беру, өзгерту және өтеу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш

    1. Қон­дыр­ғы опе­ра­то­ры­ның ата­уы
    2. Жал­пы мә­лі­мет­тер:
    2.1. Заң­ды ме­кен­жай­ы
    2.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН), биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се (БСН)
    2.3. Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, факс, элек­трон­ды по­шта
    3. Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (код және ата­уы) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын кво­та­лау та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қон­дыр­ғы жа­та­тын эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі
    4. Қол­да­ны­с­та­ғы Ұлт­тық жос­пар­ға сәй­кес бел­гі­лен­ген кво­та­лар кө­ле­мі:
    5. Кво­та­лар­дың қо­сым­ша кө­ле­мі:
    6. Кво­та­лар­дың қо­сым­ша кө­ле­мі есе­бі­мен кво­та­лар­дың жал­пы кө­ле­мі
    7. Кво­та кө­ле­мін өзгер­ту­ді сұ­рау се­бе­бі (қа­жет­ті­сін бел­гі­леу):
    7.1.Қон­дыр­ғы қу­а­тын ұл­ғай­ту
    7.2. Қон­дыр­ғы­мен тех­но­ло­ги­я­лық бай­ла­ны­с­қан пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның жа­ңа ста­ци­о­нар­лық кө­зін ен­гі­зу
    8. Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на қо­сым­ша кво­та­лар кө­ле­мі сұ­ра­ты­ла­тын есеп­тік жыл
    9. Өті­ніш­ке мы­на­дай құ­жат­тар қо­са бе­рі­ле­ді:
    1) қон­дыр­ғы­ның ве­ри­фи­ка­ци­я­лан­ған пас­пор­ты (жа­ңа ста­ци­о­нар­лық көз­ді ен­гіз­ген жағ­дай­да);
    2) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның ва­ли­да­ци­я­лан­ған мо­ни­то­ринг жос­па­ры (жа­ңа ста­ци­о­нар­лық көз­ді ен­гіз­ген жағ­дай­да);
    3) Ұлт­тық жос­пар­ды әзір­леу жы­лы­нан ба­стап және оның қол­да­ны­лу ке­зе­ңі ішін­де көз­дің іс­ке қо­сы­луын рас­тай­тын құ­жат (жа­ңа ста­ци­о­нар­лық көз­ді ен­гіз­ген жағ­дай­да);
    4) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на сұ­ра­ты­ла­тын қо­сым­ша кво­та­лар кө­ле­мін негіз­дей­тін есеп­те­улер (қу­а­тын ұл­ғай­тқан жағ­дай­да).
    Ата­уы ________________________________________
    ______________________________­_­_­_­_­_­_­_­_­_­
    __­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­_­__________________________
    Ме­кен­жайы _______________________­
    Те­ле­фон _________________________­
    элек­трон­ды ме­кен­жайы ____________
    Орын­да­у­шы __________________________________
    (те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), қо­лы)) _______­
    Те­ле­фон _________________________
    Бас­шы ____________________________
    ­Бас бух­гал­тер ______________________
    (те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), қо­лы))_______
    (те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар болған кез­де), қо­лы)) _______

    Басшы _____________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы). мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

    Парниктік газдар

    шығарындыларына квоталарды

    беру, өзгерту және өтеу

    қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш

    1. Қон­дыр­ғы опе­ра­то­ры­ның ата­уы
    2. Жал­пы мә­лі­мет­тер:
    2.1. Заң­ды ме­кен­жай­ы
    2.2. Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН) неме­се биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
    2.3. Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры, факс, элек­трон­ды по­шта
    3. Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша (код және ата­уы) пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­рын кво­та­лау та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін қон­дыр­ғы жа­та­тын эко­но­ми­ка­лық қыз­мет тү­рі
    4. Пар­ник­тік га­з­дар шы­ға­рын­ды­ла­ры­на өте­ле­тін кво­та­ның жал­пы кө­ле­мі
    _________ тон­на
    4.1. Өтеу үшін са­тып алын­ған кво­та бір­лік­те­рі
    __________ тон­на
    4.2. Шы­ға­рын­ды­лар­ды іш­кі азай­ту бір­лік­те­рі
    __________ тон­на
    4.3. Кво­та бір­лік­те­рі­нің қо­сым­ша кө­ле­мі
    __________ тон­на
    5. Есеп­тік жыл
    20__ жыл

    Басшы _____________________________ (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы). мөр (жеке кәсіпкерлікті субъектілерін қоспағанда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.