«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 маусым 2016 ж.

    «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес аумақтық бөлімшелерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді:

    мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;

    мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште береді.

    Бұл ретте өтініш берушілер бензиннің, авиациялық отынның, дизель отынының, мазуттың (бұдан әрі – мұнай өнімі) тиісті түріне мынадай құжаттардың:

    мұнай өнімдерін өндіруші – сапасы (паспорты) туралы құжат, отынды сынау хаттамасы және (немесе) отынның Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі туралы декларацияның;

    мұнай өнімдерін импортаушы – отынның Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігі туралы декларацияның және (немесе) сапасы (паспорты) туралы құжаттың көшірмелерін ұсынады»;

    2-қосымшада:

    фасеттік кодтау жүйесінің құрылымына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    Б. Сұлтанов

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрі

    2016 жылғы 28 маусымдағы № 343

    бұйрығына қосымша

    Фасеттік кодтау жүйесінің

    құрылымына

    қосымша

    Мұнай өнімдерін өндіруші елдердің кодтары

    ДСН-код
    Мұнай өнімін өндіруші елдің атауы
    1
    Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын елдер
    2
    Беларусь Республикасы
    3
    Қазақстан Республикасы
    4
    Ресей Федерациясы
    5
    Қырғыз Республикасы
    6
    Армения Республикасы
    Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
    ДСН-код
    Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы
    1
    2
    Ақмола облысы
    001
    Көкшетау қаласы
    002
    Ақкөл ауданы
    003
    Астрахан ауданы
    004
    Атбасар ауданы
    005
    Сандықтау ауданы
    006
    Аршалы ауданы
    007
    Ерейментау ауданы
    008
    Егіндікөл ауданы
    009
    Қорғалжын ауданы
    010
    Бұланды ауданы
    011
    Целиноград ауданы
    012
    Шортанды ауданы
    013
    Степногорск қаласы
    014
    Жарқайың ауданы
    015
    Есіл ауданы
    016
    Жақсы ауданы
    017
    Зеренді ауданы
    018
    Бурабай ауданы
    019
    Еңбекшілдер ауданы
    020
    «Бурабай» АЭА
    Ақтөбе облысы
    021
    Ақтөбе қаласы
    022
    Алға ауданы
    023
    Байғанин ауданы
    024
    Әйтеке би ауданы
    025
    Ырғыз ауданы
    026
    Қарғалы ауданы
    027
    Мәртөк ауданы
    028
    Мұғалжар ауданы
    029
    Темір ауданы
    030
    Ойыл ауданы
    031
    Қобда ауданы
    032
    Хромтау ауданы
    033
    Шалқар ауданы
    Алматы облысы
    034
    Талдықорған қаласы
    035
    Балқаш ауданы
    036
    Жамбыл ауданы
    037
    Іле ауданы
    038
    Қарасай ауданы
    039
    Райымбек ауданы
    040
    Талғар ауданы
    041
    Ұйғыр ауданы
    042
    Еңбекшіқазақ ауданы
    043
    Қапшағай қаласы
    044
    Ақсу ауданы
    045
    Алакөл ауданы
    046
    Қаратал ауданы
    047
    Кербұлақ ауданы
    048
    Көксу ауданы
    049
    Панфилов ауданы
    050
    Сарқан ауданы
    051
    Ескелді ауданы
    052
    Текелі қаласы
    Атырау облысы
    053
    Атырау қаласы
    054
    Құрманғазы ауданы
    055
    Индер ауданы
    056
    Исатай ауданы
    057
    Қызылқоға ауданы
    058
    Мақат ауданы
    059
    Махамбетов ауданы
    060
    Жылыой ауданы
    Шығыс Қазақстан облысы
    061
    Өскемен қаласы
    062
    Катонқарағай ауданы
    063
    Глубоков ауданы
    064
    Зайсан ауданы
    065
    Күршім ауданы
    066
    Тарбағатай ауданы
    067
    Ұлан ауданы
    068
    Шемонаиха ауданы
    069
    Зырян қаласы
    070
    Риддер қаласы
    071
    Абай ауданы
    072
    Аякөз ауданы
    073
    Бесқарағай ауданы
    074
    Бородулиха ауданы
    075
    Жарма ауданы
    076
    Көкпекті ауданы
    077
    Курчатов қаласы
    078
    Үржар ауданы
    079
    Семей қаласы
    Жамбыл облысы
    080
    Тараз қаласы
    081
    Жамбыл ауданы
    082
    Жуалы ауданы
    083
    Қордай ауданы
    084
    Тұрар Рысқұлов ауданы
    085
    Мерке ауданы
    086
    Мойынқұм ауданы
    087
    Сарысу ауданы
    088
    Байзақ ауданы
    089
    Талас ауданы
    090
    Шу ауданы
    Батыс Қазақстан облысы
    091
    Орал қаласы
    092
    Бөрлі ауданы
    093
    Жәнібек ауданы
    094
    Жаңақала ауданы
    095
    Зеленов ауданы
    096
    Қазталов ауданы
    097
    Қаратөбе ауданы
    098
    Сырым ауданы
    099
    Тасқала ауданы
    100
    Теректі ауданы
    101
    Бөкей ордасы ауданы
    102
    Ақжайық ауданы
    103
    Шыңғырлау ауданы
    Қарағанды облысы
    104
    Қарағанды қаласы
    105
    Абай ауданы
    106
    Қарқаралы ауданы
    107
    Нұра ауданы
    108
    Осакаров ауданы
    109
    Саран қаласы
    110
    Теміртау қаласы
    111
    Бұхар жырау ауданы
    112
    Шахтинск қаласы
    113
    Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
    114
    Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
    115
    Ақтоғай ауданы
    116
    Жаңаарқа ауданы
    117
    Ұлытау ауданы
    118
    Шет ауданы
    119
    Балқаш қаласы
    120
    Жезқазған қаласы
    121
    Приозерск қаласы
    122
    Қаражал қаласы
    123
    Сәтпаев қаласы
    Қызылорда облысы
    124
    Қызылорда қаласы
    125
    Арал ауданы
    126
    Қазалы ауданы
    127
    Қармақшы ауданы
    128
    Жалағаш ауданы
    129
    Сырдария ауданы
    130
    Шиелі ауданы
    131
    Жаңақорған ауданы
    Қостанай облысы
    132
    Қостанай қаласы
    133
    Алтынсарин ауданы
    134
    Меңдіқара ауданы
    135
    Жітіқара ауданы
    136
    Қамысты ауданы
    137
    Қарасу ауданы
    138
    Қарабалық ауданы
    139
    Қостанай ауданы
    140
    Ұзынкөл ауданы
    141
    Наурызым ауданы
    142
    Денисов ауданы
    143
    Әулиекөл ауданы
    144
    Таран ауданы
    145
    Сарыкөл ауданы
    146
    Федоров ауданы
    147
    Лисаковск қаласы
    148
    Рудный қаласы
    149
    Амангелді ауданы
    150
    Жангелді ауданы
    151
    Арқалық қаласы
    Маңғыстау облысы
    152
    Мұнайлы ауданы
    153
    Бейнеу ауданы
    154
    Қарақия ауданы
    155
    Маңғыстау ауданы
    156
    Түпқараған ауданы
    157
    Жаңаөзен қаласы
    158
    Ақтау теңіз порты
    Павлодар облысы
    159
    Павлодар қаласы
    160
    Ақтоғай ауданы
    161
    Баянауыл ауданы
    162
    Железин ауданы
    163
    Ертіс ауданы
    164
    Қашыр ауданы
    165
    Лебяжі ауданы
    166
    Май ауданы
    167
    Павлодар ауданы
    168
    Успен ауданы
    169
    Шарбақты ауданы
    170
    Ақсу қаласы
    171
    Екібастұз қаласы
    Солтүстік Қазақстан облысы
    172
    Қызылжар ауданы
    173
    М. Жұмабаев ауданы
    174
    Жамбыл ауданы
    175
    Есіл ауданы
    176
    Мамлют ауданы
    177
    Шал ақын ауданы
    178
    Аққайың ауданы
    179
    Тимирязев ауданы
    180
    Айыртау ауданы
    181
    Ақжар ауданы
    182
    Тайынша ауданы
    183
    Уәлиханов ауданы
    184
    Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
    Оңтүстік Қазақстан облысы
    185
    Шымкент қаласы
    186
    Бәйдібек ауданы
    187
    Оpдабасы ауданы
    188
    Отыpаp ауданы
    189
    Қазығұpт ауданы
    190
    Төлеби ауданы
    191
    Мақтааpал ауданы
    192
    Сайрам ауданы
    193
    Саpыағаш ауданы
    194
    Созақ ауданы
    195
    Түлкібас ауданы
    196
    Шаpдаpа ауданы
    197
    Аpыс қаласы
    198
    Кентау қаласы
    199
    Түpкістан қаласы
    200
    Әл-Фараби ауданы
    201
    Абай ауданы
    202
    Еңбекші ауданы
    Алматы қаласы
    203
    Алматы қаласы
    204
    Әуезов ауданы
    205
    Бостандық ауданы
    206
    Жетісу ауданы
    207
    Түрксіб ауданы
    208
    Алмалы ауданы
    209
    Медеу ауданы
    210
    Алатау ауданы
    Астана қаласы
    211
    Астана қаласы
    212
    Алматы ауданы
    213
    Сарыарқа ауданы
    214
    Есіл ауданы
    215
    «Астана - жаңа қала» АЭА
    Солтүстік Қазақстан облысы
    216
    Петропавл қаласы
    Маңғыстау облысы
    217
    Ақтау қаласы
    Оңтүстік Қазақстан облысы
    218
    «Онтүстік» АЭА
    219
    Қаратау ауданы
    Алматы қаласы
    220
    Наурызбай ауданы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.