Үржар аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының келесі шешімдердің күші жойылсын:
1) 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 32-376/V «Үржар ауданының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің құрамын бекіту туралы»;
2) 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 2-21/VI «Үржар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 04 наурыздағы «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Үржар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» № 41-485/V шешімінің қолданылуын тоқтата тұру туралы».
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Н. Жақиянова
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы
К. Карашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.