Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 шілде 2016 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы

    А. Сапаров

    Солтүстік Қазақстан облысы

    әкімдігінің 2016 жылғы

    «29» шілдедегі № 287 қаулысына

    қосымша

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

    1. «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 61 қаулысы (2014 жылғы 19 сәуірде «Солтүстік Қазақстан» газетінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2669 болып тіркелді).

    2. «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 297 қаулысы (2014 жылғы 10 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2941 болып тіркелді).

    3. «Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 76 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 163 қаулысы (2015 жылғы 13 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3286 болып тіркелді).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.