Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-3-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 157 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4245 тіркелген, 2013 жылғы 24 қазанда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Жітіқара аудандық бөлімшесі;
23-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы
А. Кабиев
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ А. Мекебаева
2016 жылғы «01» шілде
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ Г. Баймухамбетова
2016 жылғы «01» шілде
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.