Лозов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы «Лозов ауылдық округі Екатеринослав ауылы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» №1 шешімнің күшін жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Успен ауданының мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық бас инспекторының 2016 жылғы 07 шілдедегі № 2-19/325 ұсынысы негізінде ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Лозов ауылдық округі Екатеринослав ауылы аумағында ет қоректілердің құтыруына қарсы кешенді ветеринарлық шаралардың жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Лозов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1 «Лозов ауылдық округі Екатеринослав ауылы аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» шешімнің (Павлодар облысының Әділет Департаментінде 2016 жылдың 14 сәуірінде № 5070 тіркелген, 2016 жылдың 23 сәуірінде аудандық «Аймақ ажары» газетінің № 16 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Лозов ауылдық округінің әкімі
Б. Баймолдинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.