«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 наурыздағы 26/5-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1 - тармақ 8) - тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«өкілетті ұйым - Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық» департаментінің Глубокое аудандық бөлімі - «Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалы»;»;
21 - тармақ алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Д. Қадырбаев
Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы
А. Баймульдинов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.