Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 31 бабының 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Төлеби ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын және интернет-ресурстарында орналастырылуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы С.Бекмұрзаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы

    М.Пернебеков

    Төлеби ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 4 шілде

    № 226 қаулысына

    1-қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Аудан атауы
    Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
    Оның ішінде
    Республикалық бюджет есебінен
    Жергілікті бюджет есебінен
    Төлеби ауданы
    5244
    4375
    869

    Төлеби ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 4 шілде

    №226 қаулысына

    2-қосымша

    Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері

    Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге
    Балабақша
    Мектеп жанындағы шағын орталық
    Республикалық бюджет есебінен
    Жергілікті бюджет есебінен
    Республикалық бюджет есебінен
    Ауылдық жерлерде
    Қалалық жерлерде
    15020
    7723
    20212
    19712

    Төлеби ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 4 шілде

    №226 қаулысына

    3-қосымша

    Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Барлығы
    Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
    Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін, теңге (көп емес)
    325,50
    404,26
    Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.