Түлкібас аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы шешімдерінің күшін жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі №27/7-05 «Түлкібас аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттің тіркеу тізілімінде 2658 нөмірмен тіркелген, «Шамшырақ» газетінде 2014 жылдың 26 мамырында жарияланған) және Түлкібас аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №39/7-05 «Түлкібас аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Түлкібас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі №27/7-05 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3142 нөмірмен тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірдегі «Шамшырақ» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
С.Қынтаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы
У.Маткеримов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.