Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы №31-3 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы №31-3 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17.03.2016 жылы №4295 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы А.Т.Сұлтановқа жүктелсін.
Сессия төрағасы
Ж.Жақыпов
Облыстық мәслихат хатшысы
М.Құлшар
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.