Бөкей ордасы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Бөкей ордасы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Бөкей ордасы ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

    2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Н.Рахымжанов

    2016 жылғы 21 маусымдағы №106 Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

    Бөкей ордасы ауданының 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандығы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
    Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыланды-рудың жан басына шаққанда 1 айдағы мөлшері (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)
    Бөбекжай (жергілікті бюджет)
    1
    Сайқын ауылы
    «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ер Төстік» ясли -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
    290
    16318
    16318
    5000
    2
    Хан Ордасы ауылы
    «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ақбота» ясли -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
    115
    16917
    16917
    4500
    3
    Бисен ауылы
    «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Салтанат» ясли -бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
    100
    18253
    18253
    4000
    4
    Бөрлі ауылы
    «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Балдаурен» ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
    50
    26903
    26903
    4000
    Мектеп - балабақша (жергілікті бюджет)
    1
    Ұялы ауылы
    «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    50
    16900
    16900
    4000
    2
    Саралжын ауылы
    «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    50
    16900
    16900
    4000
    3
    Мұратсай ауылы
    «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп -балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
    50
    16900
    16900
    4000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.