Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызметін Жалағаш ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

    2. “Жалағаш ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне салынатын бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 07 сәуірдегі №29-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-6-150 нөмірімен тіркелген, “Жалағаш жаршысы” газетінде 2010 жылғы 12 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жалағаш аудандық мәслихатының 4 - сессиясының төрағасы

    К.СҮЛЕЙМЕНОВ

    Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы

    М.ЕСПАНОВ

    КЕЛІСІЛДІ:

    “Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік

    кірістер департаментінің Жалағаш ауданы

    бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы”

    республикалық мемлекеттік мекемесінің

    басшысы

    ______________________ А.Айдыханов

    “29” маусым 2016 жыл.

    Жалағаш аудандық мәслихатының

    2016 жылғы “29” маусымдағы

    №4-9 шешiмiне қосымша

    Қызметін Жалағаш ауданының аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлшеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері

    р/с
    Салық салу объектiсiнiң атауы
    Тiркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшерi (айлық есептiк көрсеткiш)
    1
    2
    3
    1.
    Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
    1
    2.
    Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
    1
    3.
    Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
    1
    4.
    Ойын жолы
    5
    5.
    Карт
    2
    6.
    Бильярд үстелi
    3

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.