Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 мамыр 2015 ж.

    Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 7-11/51 ұсынысы негізінде, Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Әйке селолық округі әкімінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 8 «Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3646 санымен тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйегінде аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған), «Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 8 «Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4088 санымен тіркелген, 2015 жылғы 05 ақпанында аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Әйке ауылдық округі әкімі:

    Н. Алипбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.