Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі Кішкенекөл ауылының аумағында «КЗЫЛ-ТУ АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал табына бруцеллез шектеу шараларын белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілде Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуының негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының округі әкімі Шешті:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылының аумағында «КЗЫЛ-ТУ АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал табында бруцеллез анықталуына байланысты ветеринариялық режимін енгізе отырып, шектеу шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылдық округі әкімі
С.Сәниев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.