Карантинді тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8- тармағына сәйкес, «Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 15 шілдегі № 16-07/383 «Жайсаңбай ауылдық округі «Атан өлген-Ақтікен» мал қыстағында орналасқан «Сартай батыр» шаруа қожалығының ірі қара малдарының қарасан ауруы бойынша карантинді алуға» ұсынысы негізінде, Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан ауруының анықталуына байланысты Жайсаңбай ауылдық округінің «Атан өлген-Ақтікен» мал қыстағындағы «Сартай батыр» шаруа қожалығы аумағында белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 5 «Карантин белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4953 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 маусымдағы «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі:
Ғ. БАЙТАҚОВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.