Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы №17-7 «Сырым аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңына және Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №10-14943 хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сырым аудандық мәслихатының 2014 жылғы 6 наурыздағы №17-7 «Сырым аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3461 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірдегі «Сырым елі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы
Р.Ихсанова
Мәслихат хатшысы
Ш.Дуйсенгалиева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.