«Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы » Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 325 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қостанай облысы Әділет департаментінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 02-20-7088 ұсынысы негізінде және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 325 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 18 шілдесінде № 9-3-169 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 шілдедегі № 30 (416) «Арқалық хабары» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Ғ. Бекмұхамедов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.