Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 40/07 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2724 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 157-158 (21678-21679) «Индустриальная Караганда» және 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 171-172 (21806) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған);
2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 66/01 «Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2143 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 ақпандағы № 15-16 (21348-21349) «Индустриальная Караганда» және 2013 жылғы 9 ақпандағы № 20-21-22 (21445) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі
Н. Әбдібеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.