«Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 ақпандағы № 226 Мәртөк аудандық мәслихатының шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 226 «Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4810 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда «Мәртөк тынысы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрайымы
Н. Хусаинова
Мәртөк аудандық мәслихат хатшысы
Ә. Әлмұхамбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.