Әйтеке би ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 35 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 шілде 2016 ж.

    Әйтеке би ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 35 шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Әйтеке би ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 35 «2015 жылы әскерге шақыру учаскесіне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 болып тіркелген, «Жаңалық жаршысы» газетінде 2015 жылғы 08 қантарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы:

    Т. Рахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.