Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 22 қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 маусым 2016 ж.

    Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 22 қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 22 «Әйтеке би ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4814 болып тіркелген, «Жаңалық жаршысы» газетінде 2016 жылғы 8 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Рахметовке жүктелсін.

    Аудан әкімі:

    А. Бердалин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.