Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 21 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 21 «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4813 болып тіркелген, «Жаңалық жаршысы» газетінде 2016 жылғы 8 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Рахметовке жүктелсін.
Аудан әкімі:
А. Бердалин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.