Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасы және 139-бабының 9-тармағына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім саласындағы мамандар лауазымдарының тізбелерін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы» 2016 жылғы 19 мамырдағы №23 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін, арнайы білімі бар білім саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі
Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «17» маусымдағы №492
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін, арнайы білімі бар білім саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшысының орынбасары.
2. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушысы, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, қосымша білім беретін педагог, мұғалім-логопед, педагог-психолог, мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопед, психолог, тәрбиелеуші, тәлімгер, жаттықтырушы-оқытушы, дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің), жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, зертханашы, әдіскер (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің), концертмейстер (негізгі қызметтердің), хореограф (негізгі қызметтердің), барлық мамандықтағы дәрігерлер, барлық деңгейлердегі мейірбикелер (мейіргерлер), кітапханашы.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.