Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 шілде 2016 ж.

    Текелі қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Текелі қалалық мәслихатының:

    1) 2014 жылғы 04 шілдедегі «Текелі қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы «Текелі қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» № 27-172 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» № 31-201 шешімінің (2014 жылғы 30 шілдеде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2789 тіркелген, 2014 жылғы 8 тамыздағы № 32 (3191) қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған);

    2) 2014 жылғы 24 қарашадағы «Текелі қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» № 35-225 (2014 жылғы 11 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2960 тіркелген, 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 2 (3213) қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған);

    3) 2014 жылғы 19 желтоқсандағы «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 36-229 (2015 жылғы 27 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3010 тіркелген, 2015 жылғы 13 ақпандағы № 7 (3218) қалалық «Текелі тынысы» газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

    ____________ Т. Жұмаділов

    Қалалық мәслихат хатшысы

    ____________ Н. Калиновский

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.