Шектеу іс-шараларды тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2016 жылғы 14 шілдедеғі № 01-27/259 ұсынысы негізінде Покров ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Покров ауылдық округінің Покровка ауылында мекежайында орналасқан ірі қара малдың құтыру ауруынан таза емес Светин Виктор Ивановичтың шалғайдағы кардасы аумағында шектеу іс-шаралары 2016 жылғы 14 шілдеден бастап тоқтатылсын.
2. Покров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 1 «Шектеу іс-шараларды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6403 болып тіркелген, «Наше время» газетінде 2016 жылғы 9 маусымда жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Покров ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы
С. Мустафина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.