Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 сәуір 2016 ж.

    Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    Б. Ғаязов

    Әкiмдіктің

    2016 жылғы «21» сәуірдегі

    № 431 қаулысына

    қосымша

    Рудный қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі

    1. «Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2012 жылғы 11 мамырдағы № 617 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9–2–213 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған);

    2. «2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1594 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6026 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған);

    3. «2016 жылы халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы» 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1595 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған);

    4. «Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1735 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6091 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған);

    5. «2016 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1595 әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1827 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6124 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.