Әкімдіктің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2032 "Рудный қаласы әкімдігінің "Горняцк кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2016 ж.

    Әкімдіктің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2032 «Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Рудный қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 2032 «Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5213 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Ысқақовқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    Б. Ғаязов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.