Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы (V сайланған XXXI (кезекті) сессиясы) «Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» № 250-5/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы (V сайланған XXXI (кезекті) сессиясы) «Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» № 250-5/31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі « Тұрғын үй қатынастары туралы » Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысына сәйкес Железинка аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Железинка аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы «Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту туралы» № 250-5/31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қарашада № 4198 болып тіркелген, «Родные просторы» және «Туған өлке» газеттерінің 2014 жылғы 6 желтоқсандағы № 49 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    корсетілген шешіммен бекітілген Железин ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін беру ережесінде:

    4-бөлімдегі 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «15. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін (азамат) отбасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Железин аудандық бөліміне жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады.».

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік – экономикалық даму бойынша тұрақты комиссияcына жүктелсін.

    3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы

    Ж. Тлебалдина

    Аудандық мәслихаттың хатшысы

    П. Лампартер

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.