2016 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 маусым 2016 ж.

    2016 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 7 бабының 7) тармақшасына және 9 бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы және 28 бабының 2 тармағының 6) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Тараз қаласы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін 2016 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі (Г.Олжабаева) заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындауын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Н. Календеров

    Тараз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 маусымдағы №395 қаулысына қосымша

    Ұйымның атауы
    Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
    Квота мөлшері (қызметкерлер-дің орташа тізімдік санынан %)
    Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)
    1.
    Фабрика «Пош-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    88
    2%
    1
    2.
    «ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    268
    4%
    10
    3.
    «Таразпроммонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    81
    2%
    1
    4.
    «Бином» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    262
    4%
    10
    5.
    «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
    123
    3%
    3
    6.
    «Жасыл Ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    593
    4%
    23
    7.
    Т.И.Батуров атындағы «Жамбыл Мемлекеттік аудандық электр станциясы»
    123
    3%
    3
    8.
    «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы
    202
    3%
    6
    9.
    «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    253
    4%
    10
    10.
    «Жамбылхимстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    113
    3%
    3
    11.
    «Құрылыс Полимер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    125
    3%
    3
    12.
    «Компания Магнолия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    100
    3%
    3
    13.
    «Энерджи-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    135
    3%
    4
    Барлығы:
    2466
    80

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.