Қызылорда қаласы әкімдігінің регламент мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 сәуір 2016 ж.

    Қызылорда қаласы әкімдігінің регламент мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызылорда қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) «Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы №2970 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4921 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 наурыздағы, «Ақмешiт апталығы» газетінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі №24, «Кызылорда Таймс» газетінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі №13 жарияланған);

    2) «Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы №2970 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 шілдедегі №3978 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5111 тіркелген, «Ақмешiт апталығы» газетінде 2015 жылғы 26 тамыздағы №65, «Кызылорда Таймс» газетінде 2015 жылғы 26 тамыздағы №34, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған);

    3) «Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы №2970 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы №5080 қаулысы.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    ҚАЛА ӘКІМІ

    Н. НӘЛІБАЕВ

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.