Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Семиполатное ауылы аумағында ірі қара малдарға бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 28 маусымдағы № 11-11/177 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Семиполатное ауылы аумағында ірі қара малдарға бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Семиполатное ауылы аумағындағы ірі қара малдарының бруцеллез ошағы жойылғанына сәйкес шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің Семиполатное ауылы аумағында ірі қара малдарға бруцеллез бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Рассвет ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 2, (2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3206 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17 (580) «Қызылжар» газетінде, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 16 (5519) «Маяк» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рассвет ауылдық округінің әкімі
Х. Жанабеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.